Көшедегі, қоғамдық көліктегі сексуал сипаттағы басыну – әйелдердің қорқып, алаңдап, қысылып-қымтырылып жүруіне себеп болатын кең тараған проблема. Қала дизайны әйелдердің көшедегі қауіпсіздігін қалай арттыра алады және осы құбылысты түбегейлі жою үшін өкімет, масс-медиа мен қала тұрғындары не істеуі керек?
Айдана Тілеукен жүргізген зерттеудің қорытындысы «Алматы және Астана қалаларындағы басыну мәселесі» мақаласында жарияланған. Сол мақаладан тұжырымды үзінділер жариялап отырмыз.
Мақаланың толық мәтінін adilqala.kz сайтынан
оқуға болады. «Ädil Qala: Қазақстан қалаларындағы әлеуметтік әділдік» кітабы – қазақстандық авторлардың зерттеу материалдарының жинағы. Басылым 2022 жылы Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдігі мен Urban Forum Kazakhstan негізін қалаған Ädil Qala жобасы аясында 2023 жылғы шілдеде жарық көрген.