Далада тұру – адамның физиологиялық та, психикалық та саулығына теріс әсер ететін шектен шыққан сынақ. Баспанасыз адамдарды жазатайым мерт болу, жүректің қысылуы не миға қан құйылуы сияқты жағдайлар көп төңіректейді, сондай-ақ 25-44 жас аралығында жүрек талмасынан қайтыс болу қатері өзгелерге қарағанда күштірек. Оның үстіне, баспанасы мен құжаты жоқ адамдардың медициналық қызмет алуы қиын, әсіресе шұғыл көмек тізбесіне кірмейтін көмекке қол жеткізе алмайды.
Надежда Ряполованың зерттеуінде Қазақстандағы үй-күйі жоқ адамдарға медициналық қызмет көрсетудің жай-жапсарын және осы санаттағы азаматтардың денсаулық сақтау құқығы қаншалықты ескеріліп жатқанын сараптайды.
Зерттеудің толық мәтінін adilqala.kz сайтынан
оқуға болады. «Ädil Qala: Қазақстан қалаларындағы әлеуметтік әділдік» кітабы – қазақстандық авторлардың азаматтық қоғамның маңызды істерге араласуы, инфрақұрылым, инклюзия, экология, адамдардың білім алу және денсаулығын сақтау құқығына қол жеткізуі мәселелерінің шешімі туралы зерттеу материалдарының жинағы.
Басылым 2022 жылы Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдігі мен Urban Forum Kazakhstan негізін қалаған Ädil Qala жобасы аясында 2023 жылғы шілдеде жарық көрген.